Комплаенс бақылау
Банкті қалай қауіпсіз ететініміз туралы
Комплаенс дегеніміз не
Бұл банк пен оның клиенттері барлық талап етілетін заңдарға, ұйғарымдарға, ережелерге, ішкі және сыртқы саясаттарға (мемлекеттік әлде халықаралық) сәйкес келетіндігін тексеруден тұратын банк жұмысының маңызды бөлігі.
Неліктен банкке комплаенс қажет
Комплаенс немен айналысады
Біз тексереміз
01.Біз оқытамыз
02.Біз енгіземіз
03.Банк клиенттерді қалай тексереді
Лаңкестер мен күдікті тұлғалардың дерекқорында, санкциялық тізімдерде клиенттерді тексеру
Тыйым салынған немесе тәуекелі жоғары елдер мен аумақтардың операцияларына клиенттердің қатысуын тексеру
Күдікті мәмілелерді, санкциялық тауарлар мен қызметтерді сатып алу мен сатуды тексеру

Банктің қызмет көрсету кезiндегi тексерулерi
Шотты банк бөлімшесінде оффлайн ашу
Тек жеке қатысуымен, сенімхат бойынша тыйым салынады
Қажетті құжаттар:
Шетелдік төлқұжат
Бейрезиденттің ЖСН
Байланыс деректері, азаматтығы, резиденттігі, тұрғылықты мекенжайы көрсетілетін шот ашуға өтініш-сауалнама
Міндетті тексерулер:
- Халықаралық санкциялар тізімдері
- Контрагенттерді талдау
- Лаңкестер мен күдікті адамдардың тізімі
- Банкпен өзара қарым-қатынастар тарихы
- Шетелдік жария лауазымды тұлғалар
- Қызметін, іскерлік беделін тексеру
- Қаражаттың пайда болу көздері
- Қаруды таратуға қатысы бар тұлғалардың тізімі
- Шот ашуға тыйым салуды тексеру,
- Сенімсіз салық төлеушілердің тізімі, салық берешегінің болуы
Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасының резиденттері болып табылатын клиенттерге қызмет көрсету кезінде, санкциялық тауарларды/қызметтерді сатып алуға жол бермеу мақсатында жүргізілетін халықаралық аударымдардың скринингі жүргізіледі.
Бізге тексеруді жүргізуге көмектесетін технологиялар
Біз Prime Source бағдарламалық жасақтамасын,AML модулін AML модулін (ағылш. Anti Money Laundering - ақшаны жылыстатуға қарсы күрес). қолданамыз.
Бұл қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамаға сәйкес қаржылық мониторинг және тәуекелдерді басқару процестерін кешенді автоматтандыру.
Біздің тексерулеріміздің сапасын арттыру үшін біз жүйені модульдермен байыту бөлігінде әрдайым жетілдіріп отырамыз. Мысалы, қазір біз күдікті операцияларды тексеру жылдамдығы мен сапасын арттыру үшін машиналық оқыту модулін енгізіп жатырмыз.
Жүйе бізге:
- Халықаралық санкциялар, террористер мен экстремистер тізімдері бойынша автоматты тексеру жүргізуге;
- Тәуекел деңгейлерін есептеуге және клиенттерге тәуекел рейтингін беруге;
- Шекті және күдікті операцияларды анықтауға және уақтылы әрекет етуге;
- Қорғалған байланыс арнасы бойынша уәкілетті органмен өзара әрекеттесуге - күдікті операциялар туралы хабарлауға, қосымша сұраулар мен файлдармен алмасуға;
- Басқарушылық және реттеушілік есептілікті қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Банк аудиті
Мемлекеттік орган
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА)
Тексеру мәні
- Халықаралық санкцияларды сақтау
- Қазақстан Республикасының «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» заңнамасын сақтау.
Тексеру күні
2022 жылғы маусым-шілде
Тексерілетін процестер
Тексеру қорытындысы
АЖ/ТҚҚ туралы заңнаманы және халықаралық санкцияларды сақтау бөлігінде тексеру нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталмаған. Мемлекеттік орган банкке айыппұлдар, санкциялар және басқа да бақылау шараларын қолданбаған.
Банк қандай негізгі заңдардың талаптарын сақтайды
Халықаралық санкциялар
SWIFT-аудармалары туралы
Перейти
Банк қағидалары
Freedom Bank корпоративтік мәдениеттің жоғары стандарттарын және іскерлік этика қағидаттарын ұстанады, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасының барлық талаптарын сақтайды.
Біздің банк клиенттердің сенімін жоғары бағалайды және адал, жауапты және этикалық іскер серіктес болу үшін бар күшін салады.
Егер сіз парақорлық немесе сыбайлас жемқорлық, әдеп нормаларын бұзу, қызметтік жағдайды теріс пайдалану, ақшаны жылыстатуға/ланкестікті қаржыландыруға жәрдемдесу, инсайдерлік ақпаратты ашу, Халықаралық экономикалық санкциялар талаптарын бұзу және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын өзге де бұзу сияқты жағдайлар туралы білетін болсаңыз, бұл туралы бізге хабарлауыңызды сұраймыз.
Елдер үшін шектеулер
Іскерлік қатынастарды орнатуға тыйым салынған тізім мыналардан тұрады:
ФАТФ қара тізімі (Иран, КХДР, Мьянма)
БҰҰ эмбаргосы (КХДР, Ливия Араб Джамахириясы, Мали, Сомали, Ирак, Ливан, Гвинея-Бисау, Судан, Йемен, Ауғанстан, Орталық Африка Республикасы, Конго Демократиялық Республикасы (Леопольдвилл), Эритрея, Оңтүстік Судан)
Негізгі есірткі өндіруші елдер және транзиттік елдер (Мьянма, Колумбия, Перу, Боливия, Венесуэла, Пәкістан, Ауғанстан, Иран, Лаос)
Холдингтің топтық саясаты (Иран, Куба, КХДР, Сирия, Қырым (Севастопольді қоса алғанда), Луганск Халық Республикасы, Донецк Халық Республикасы)
Карталық транзакцияларға/эквайрингке шектеулер тізімі:
Тыйым салу FATF қара тізімі (Иран, КХДР, Мьянма)
Тыйым салу Холдингтің топтық саясаты (Иран, Куба, КХДР, Сирия, Қырым (Севастопольді қоса алғанда), Луганск Халық Республикасы, Донецк Халық Республикасы)
Сұрақ-жауап
Банктің қандай лицензиясы бар?
Банк ҚНРДА тексерулерінен қаншалықты жиі өтеді?
Басқа елдердің аудиторлары банктің жұмысын тексере ме?
Әлемдегі геосаяси жағдайға байланысты SWIFT-аударымдарды тексеру қалай өзгереді?
Егер клиент террористер тізіміне кездейсоқ енсе, банк не істейді?
Клиенттердің қайсысы комплаенс-бақылау тексеруінен өтеді?







