Басты бетке

Халықаралық санкциялар

Біздің банкіміз — халықаралық қатынастардың қатысушысы ғана емес, сонымен қатар Freedom Holding Corporation ірі халықаралық холдингінің бір бөлігі. Сондықтан біз БҰҰ, Еуропалық Одақ, АҚШ және әлемнің басқа да жетекші елдерінің санкцияларына тыйым салулар мен шектеулерді қатаң және толық сақтаймыз.

Біз ұстанатын санкциялық шектеулердің түрлері:

Белгілі бір тұлғаларға шектеулер

Экономиканың белгілі бір секторындағы операцияларды шектеу;

Секторлық санкциялар

Экономиканың белгілі бір секторындағы операцияларды шектеу

Аумақтық санкциялар

Белгілі бір елмен немесе аумақпен операциялар жүргізуге шектеу немесе тыйым салу

Біз халықаралық санкцияларды, соның ішінде АҚШ-тың EO 14114 Атқарушы бұйрығын қатаң сақтаймыз және өз клиенттерімізге Ресейдің әскери-өнеркәсіптік кешенін (МӨК) құрайтын экономика секторларына қатысы бар жеке тұлғалармен және ұйымдармен өзара әрекет етпеуге кеңес береміз. Біздің мақсатымыз – халықаралық қауіпсіздік пен тұрақтылықты сақтау үшін осы талаптарды барлық тұтынушыларымыз толық түсініп, жүзеге асыруын қамтамасыз ету.

Біз не істейміз:

Клиенттерге қызмет көрсетпес бұрын, оларды тексереміз

Біз әрбір клиенттің халықаралық санкциялық стандарттарға сәйкестігін және олардың Ресейдің әскери-өнеркәсіптік кешеніне тиесілі/емес екенін мұқият тексереміз. Сәйкестік анықталса, қосымша тексеру жұмыстары жүргізіледі және біз клиенттің санкциялар тізімінде жоқтығын және әскери-өнеркәсіптік кешенмен байланысы жоқтығын тексермейінше, мұндай клиентпен қарым-қатынас орнатылмайды.

Клиенттердің барлық операцияларын тексереміз

Шетелден жіберілген немесе қабылданған клиенттердің барлық операциялары мен мәмілелері барлық өлшемшарттар бойынша тексеріледі:

Жіберуші және алушы

Жекелеген тұлғаларға, оның ішінде әскери-өнеркәсіптік кешенмен байланысы бар тұлғаларға, сондай-ақ санкциялар салынған елдердің азаматтығының болуына байланысты шектеулер тізімі бойынша

Бағыт

Осы бағытқа рұқсат етілген операциялар тізімі бойынша

Сома

Операция валютасындағы сома бойынша шектеулер бойынша

Валюта

Осы валютадағы және осы бағыттағы рұқсат етілген операциялардың тізімі бойынша

Төлем мақсаты

Ақшаның қандай мақсатта аударылатынын міндетті түрде тексереміз. Мысалы, төлем жасалатын тауар/қызмет осы бағыттағы тыйым салынған тауарлар/қызметтер тізіміне кірмейтінін тексереміз.

Қаражаттың шығу тегі

Мысалы, ақшаның заңдылығын және оның тұлғаға тиесілі мәртебесін санкциялармен растау


Санкциялар туралы көбірек

  1. ЕО санкцияларына енгізілген тауарлардың тізімі
  2. OFAC сайты — шетелдік активтерді бақылау басқармасы. Бұл АҚШ-тың экономикалық және сауда санкцияларын енгізетін және орындайтын АҚШ Қаржы министрлігінің қызметі
  3. Ресейге қарсы 2022 жылдың 22 ақпанынан кейін енгізілген санкциялар мен шектеулер туралы нұсқаулық
  4. ЕО-ның Ресейге қарсы санкциялары туралы
  5. АҚШ-тың Ресейге қарсы санкциялары туралы жиі қойылатын сұрақтар
  6. АҚШ-тың Ресей әскери-өнеркәсіптік кешеніне қарсы санкцияларына қатысты нұсқаулық
  7. Экспорттық бақылау мен санкциялардан жалтаруды көрсететін «белгілер»
  8. АҚШ Президентінің EO 14024 және EO 14114 атқарушы бұйрықтары