«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы»
Бұл тұтастай алғанда Қазақстан Республикасының банк жүйесінің, сондай-ақ әрбір банктің қызметін жеке айқындайтын және реттейтін негізгі заң болып табылады.
Мысалы, бұл заң аясында қандай әрекеттер жасауға болады:
Банк лицензияны қалай алады
Қандай қызметтер көрсете алады
Қашан аудиттен өтеді
Банк қандай есептерді және қандай органдарға тапсырады
Кім басшылық лауазымға тағайындала алады
Сонымен қатар, заңда банк қызметі туралы негізгі ережелер жазылған — аударымдар жасау және төлемдерді қабылдау, несиелер беру және тарифтерді белгілеу, сондай -ақ, клиенттердің құқықтарын қорғау туралы жазылған. Мысалы, депозиттерді міндетті сақтандыру туралы бап дәл осы заңда жазылған.
Комплаенс-бөлімшенің міндеті — банктің қызметін бақылау және оның осы негізгі заңға сәйкестігін тексеру. Сондықтан біз барлық процестерге— құрылтай құжаттарынан және басшыларды тағайындаудан бастап, барлық жаңа өнімдерді бекітуге дейін қатысамыз және әрекет етеміз.
Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы