Басты бетке

«Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы»

Ақшаны жылыстату, терроризмді қаржыландыру, қару-жарақ тарату сияқты қылмыстық әрекеттердің деңгейін төмендету үшін әлемдік қоғамдастық және барлық елдер арнайы заңдар әзірлеп, енгізіп келеді.

Бұл заңдар заңсыз тауарлар мен қызметтерге ақы төлеу үшін пайдаланылатын және қабылданатын ақша ағынын тоқтатуға көмектеседі. Банктер ақша аударымы бойынша негізгі делдал болғандықтан, мұндай заңдар біз өз қызметімізде ұстанатын негізгі ережелердің бірі болып табылады.
Қазақстанда бұл — “Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы” заң.

Біз не істейміз

Біз клиенттерге қызмет көрсетпес бұрын, оларды тексереміз

Мәліметтер дерекөорлар мен арнайы бағдарламалардың көмегімен шот немесе карта ашуға өтініш бергендердің барлығын тексереміз. Егер жүйе клиентті күдікті деп тапса, біз қолмен тексеру жүргіземіз. Біз үшін клиентті, оның тарихын, сондай-ақ шот ашу мақсатын білу маңызды.

Клиенттердің барлық операцияларын тексереміз

Дерекқорлардың көмегімен алушыларды, жөнелтушілерді, төлемдердің тағайындалуын, сомасын, бағытын, әр операцияға қатысушыларды тексереміз. Жүйеден алерталар алатын болсақ, онда қолмен тексеру жүргіземіз. Осылайша, егер бұл орын алса, әдеттен тыс немесе күдікті операцияны танып білетінімізге сенімді бола аламыз.


Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы