Басты бетке

Комплаенстің жедел желiсі

Комплаенстің жедел желісі этика, комплаенс, сыбайлас жемқорлыққа қарсы нормаларды сақтау, қаржылық құқық бұзушылықтар және «Фридом Банк Қазақстан» АҚ және Freedom Holding Corporation комплаенс саясатының өзге бұзушылықтары мәселелеріне байланысты ықтимал бұзушылықтар туралы хабарламаларға арналған.

Қызмет көрсету сапасына, банк өнімдеріне немесе басқа жалпы мәселелерге байланысты өтініштерді «Фридом Банк Қазақстан» АҚ клиенттік сервисінің ресми арналары арқылы жіберу қажет.

Комплаенс жедел желісі хабарламаларды өңдеудің құпиялылығы мен объективтілігіне кепілдік беретін тәуелсіз Whispli платформасында жұмыс істейді. Барлық өтініштер комплаенс пен дербес деректерді қорғаудың халықаралық стандарттарына қатаң сәйкестікте қаралады.

Комплаенстің осы жедел желісін пайдалана отырып, өтініш беруші Whispli тәуелсіз платформасы жұмысының ерекшелігін түсінетінін және өтініш берушінің өтінішінде қызметтік құпия, банк құпиясы, инсайдерлік ақпарат, бағалы қағаздар нарығындағы коммерциялық құпия, сақтандыру құпиясы, салық құпиясы және/немесе Алушы тарапқа Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына орай ашуға тыйым салынған немесе шектелген заңмен қорғалатын құпия болуы мүмкін екенін растайды. Осыған байланысты өтініш беруші оны жария еткені үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен жауапты болады.

Өтінішті Whispli платформасы арқылы жібере отырып, өтініш беруші ұсынылған ақпаратты «Фридом Банк Қазақстан» АҚ бас компаниясы Freedom Holding Corporation-ға (АҚШ) (Алушы тарап) комплаенс тергеу мақсаттары үшін беруге (оның ішінде трансшекаралық) келісімін растайды. Бұл өтінішті Freedom Holding Corporation уәкілетті қызметкерлері Қазақстан Республикасының құпиялылық және дербес деректерді қорғау туралы заңнамасының қолданыстағы нормаларына сәйкес өңдейтін болады.

Өтініш берушінің дербес деректері (егер өтініш беруші оларды ұсынса) деректерді қорғау туралы заңнамаға сәйкес өңделетін болады, соның ішінде, бірақ онымен шектелмей, ЕО-ның деректерді қорғау жөніндегі жалпы регламенті (GDPR) және Қазақстан Республикасының дербес деректерді қорғау туралы заңнамасы, бұл туралы өтініш беруші өтінішті жіберу арқылы өзінің келісімін береді. Қажет болса өтініш беруші өтінішті жасырын түрде бере алады.

Жалған немесе көрінеу жаңылыстыратын ақпарат беру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңдық салдарға әкеп соғуы мүмкін. Барлық өтініштер адал және нақты фактілерге негізделуі керек.

Жедел желісінің жұмысы бойынша сұрақтар мен жауаптар

Жедел желіcі қалай жұмыс істейді


Жедел желісіне не туралы хабарлау керек?


Бұзушылықтар туралы кім хабарлай алады?


Өтініш беруші (ақпарат беруші) қандай жауапкершілікте болады?


«Өтініш берушіні қорғау» нені білдіреді?


Тексерудің нормативтік мерзімі бар ма?


Анонимді режим мен құпия режимнің айырмашылығы неде?


Өтініш берушінің анонимділігі дәл қалай қамтамасыз етіледі?


Freedom Bank корпоративтік мәдениеттің жоғары стандарттарын және іскерлік этика қағидаттарын ұстанады, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасының барлық талаптарын сақтайды.

Біздің банк клиенттердің сенімін жоғары бағалайды және адал, жауапты және этикалық іскерлік әріптес болу үшін бар күшін салады.

Егер сіз парақорлық немесе сыбайлас жемқорлық, әдеп нормаларын бұзу, қызметтік жағдайды теріс пайдалану, ақшаны жылыстатуға/терроризмді қаржыландыруға жәрдемдесу, инсайдерлік ақпаратты ашу, халықаралық экономикалық санкциялар талаптарын бұзу және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын өзге бұзушылықтар сияқты жағдайлар туралы білетін болсаңыз, келесі тәсілдердің бірін пайдалана отырып, бұл туралы бізге хабарлауыңызды сұраймыз:

Онлайн

Сілтеме бойынша өтіп, анонимді нысанды толтырыңыз.

Телефон желісі

Комплаенстің жедел желiсінің
8 800 080-82-72 нөміріне қоңырау шалыңыз және дауыстық хабарлама қалдырыңыз.

Барлық өтініштер құпия түрде өңделеді.

Анонимділік және қудалаудың кез келген түрінен қорғауға кепілдік беріледі.